«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК

«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК

«СҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі — Кәсіпорын) Кәсіпорын басшысының (директорының) бос орын лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын мекенжайы: ҚР, 150900, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Школа-интернат көшесі, 17-үй тел. 8(715-41)2-07-33, mamlcrb@med.mail.kz.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім; немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; немесе executive немесе full time МВА дәрежесі; Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы орган басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос орын лауазымына конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Кандидат осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде mamlcrb@med.mail.kz электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  3. Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің сотталмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін электрондық пошта мекенжайына құжаттарды электрондық түрде ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады, яғни 2022 жылғы 28 қараша сағат 14.00-ге дейін.

Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан жіберіледі.

Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жарияланатын болады.

Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу бойынша өткізілетін конкурстың басталуы: 2022 жылғы 28 қараша сағат 15.00-де СҚО Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Школа-интернат көшесі, 17-үй, каб. 59.

Анықтама үшін телефон нөмері: 8-715-41-2-07-33.