«СҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» КММ «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК (бұдан әрі — кәсіпорын) кәсіпорын басшысының (директорының) бос лауазымына конкурс жариялайды. Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын мекенжайы: ҚР, 150013 СҚО Петропавл қ., Ж. Қизатов к-сі 7 «А» тел. 8(7152)537695, 3_gpoliklinika@mail.ru
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім; немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; немесе executive немесе full time МВА дәрежесі; Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл.
Кандидат осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде 3_gpoliklinika@mail.ru электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде келесі құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін, яғни 2022 жылғы 22 қараша сағат 10.00-ге дейін электрондық пошта мекенжайына құжаттарды электрондық түрде ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.
Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан жіберіледі.
Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу бойынша өткізілетін конкурстың басталуы: 2022 жылғы 22 қараша сағат 11.00-де СҚО Петропавл қ., Ж. Қизатов к-сі, 7 «А», каб. 301.
Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жарияланатын болады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі уәкілетті органның — «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Анықтама үшін телефон нөмері: 53-76-95.