Республика күні

Республика күні

Республика күні мерекесіне орай Солтүстік Қазақстан облысының медицина қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов қатысты. Ерен еңбектерімен ерекшеленген мамандарға "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар, "Құрмет грамотасы", "Алғыс хаттар" берілді. Әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз!