«Солтүстiк Қазақстан облысының медициналық ұйымдары үшiн оттегi станцияларын құру» жоспарланған мемлекеттiк-жекеше әрiптестiк жобасы бойынша қызығушылық бiлдiруге сұрау салу

«Солтүстiк Қазақстан облысының медициналық ұйымдары үшiн оттегi станцияларын құру» жоспарланған мемлекеттiк-жекеше әрiптестiк жобасы бойынша қызығушылық бiлдiруге сұрау салу

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттiк-жекеше әрiптестiк жобаларын жоспарлау және iске асыру қағидаларының»

12-тармағына сәйкес, кәсiпкерлiк субъектiлерiн, қаржылық және өзге де ұйымдарды мемлекеттiк-жекеше әрiптестiк жобасын жоспарлауға, жоспарлаудың ашықтығын арттыру мақсатында «Солтүстiк Қазақстан облысының медициналық ұйымдары үшiн оттегi станцияларын құру» жобасын iске асыруға қызығушылықты бiлдiретiн сұрау салу туралы хабарлайды.

Жоба аясында 6 объектiде (жобаны iске асыру орындары) оттегi станцияларын орнату және тұтыну нүктелерiне дейiн газ тарататын құбырларының желiсiн монтаждау көзделген:

  1. «Мамлют АА» ШЖҚ КМК,
  2. «Тайынша КАА» ШЖҚ КМК,
  3. «Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның АА» ШЖҚ КМК,
  4. «Қызылжар АА» ШЖҚ КМК,
  5. «М.Жұмабаев ауданының АА» ШЖҚ КМК,
  6. «Жамбыл АА» ШЖҚ КМК.

Кәсiпкерлiк субъектiлерi осы жобаны iске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не 2020 жылғы 15 қазан сағат 18.00. дейiн хабарлау қажет:

150000 Петропавл қаласы, Театральная көшесi, 56А, кабинет № 16, тел. +7 (7152) 52-51-65, е-mail: zdrav@sko.kz, уәкiлеттi тұлға — Иманжанов Нұрболат Тұрмысұлы.