1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетуші – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ (бұдан әрі — СҚО әкімдігінің ДСБ)
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2020 жылғы 12 айда 4 714 857 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
306 186 қызмет қағаз түрінде көрсетілді;
4 408 243 қызмет қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілді.
428 қызмет баламалы негізде көрсетілді;
615 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді»;
183 қызмет «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген»;
26 513 қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілді.
Электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы мемлекеттік қызметтер ЭЦҚ бар азаматтар жүгінген кезде көрсетіледі.
3) дәрігердің қабылдауына жазылу - неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат СҚО ДСБ интернет-ресурсында, сондай-ақ СҚО медицина ұйымдарының стендтарында және СҚО ДСБ әкімшілік ғимаратында орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын көтеру жөнінде 61 түсіндіру шарасы өткізілді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесін жүзеге асыру бойынша жұмыс
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтердің 18 түрі автоматтандырылған, мемлекеттік қызметтердің 2 түрі бойынша автоматтандыру жұмыстары жалғасуда.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау
1) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі шағымдар туралы ақпарат
|
Шағым түсіруші туралы мәлімет |
Шағымның мәні |
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарастыру күні |
Шағымды қарастыру нәтижелері жөніндегі құжат № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2) облыстың барлық медицина ұйымдарында жоспарлы түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі мәселелерді бақылайтын ішкі аудит қызметі құрылған.
3) ай сайын мемлекеттік көрсетілген қызметтер сапасын ішкі бақылау жөнінде есеп толтырылады.
4) пациенттерді тіркеу орнында, қабылдау бөлмесінде және басқа да күту орындарында «Сенім телефондарының» нөмірлері туралы ақпарат орналастырылған.
5) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көпшілікке тарату мақсатында және көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және дұрыс ақпарат беру үшін медициналық ұйымдар тұрақты негізде брошюралар, үнпарақтар таратады, бейнероликтер таратады.
6) облыстың 18 ведомстволық бағынысты медициналық ұйымында бірінші қабаттарда өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары құрылды, онда азаматтар мемлекеттік қызметтерді немесе консультацияны өз бетінше ала алады.
7) мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» өткізіледі.
5) Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетуі туралы ақпарат.
1) Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың даярлығын қамтамасыз ету, біліктілігін арттыру және қайта даярлау
2020 жылғы 12 айда аталған қызметті алған тұлғалардың саны 428 адамды құрайды.
2) Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру
2020 жылғы 12 айда барлығы 183 лицензия, оларға қосымшалар ресімдеді.
3) АИТВ-жұқпасының болуына өз еркімен жасырын және міндетті құпиялы медициналық тексерілу
2020 жылғы 3 айда аталған қызметті алған тұлғалар саны 23 783 адамды құрады. (Бұл қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталды).
4) Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру
2020 жылғы 12 айда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы 312 анықтама берілді.
5) Наркологиялық диспансерден анықтама беру
2020 жылғы 12 айда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы 303 анықтама берілді.
6) Туберкулез диспансерінен анықтама беру
2020 жылғы 12 айда қызметтің бұл түрі көрсетілген жоқ.
7) Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медицина ұйымына бекіту
2020 жылғы 12 айда медицина ұйымына 24 023 бекітілу «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілді.
8) Дәрігердің қабылдауына жазылу
2020 жылғы 12 айда 2 247 866 қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілді және 2 123 жазылу «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілді.
9) Дәрігерді үйге шақырту
2020 жылғы 12 айда 89 365 шақырту қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілді және 367 шақырту «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілді.
10) Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медицина ұйымынан анықтама беру
2020 жылғы 12 айда Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медицина ұйымдарынан 19 050 анықтама берілді.
11) Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы парақ беру.
2020 жылғы 12 айда 92 767 уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы парақ берілді.
12) Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы анықтама беру.
2020 жылғы 12 айда 14 679 уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы анықтама берілді.
13) Стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру.
2020 жылғы 12 айда 110 718 стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме берілді.
14) Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) қайтыс болғаннан кейін донорлыққа тірі кезінде бас тартуды немесе келісімді тіркеу.
2020 жылдың 12 айында қызметтің бұл түрі көрсетілмеген.
15) Жедел медициналық көмекті шақыру.
2020 жылдың 12 айында жедел медициналық көмекке 241 440 шақырту көрсетілді.
16) Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру.
2020 жылдың 12 айында пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға 20 527 жолдама берілді.
17) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелге емделуге жіберудің және (немесе) шетелдік мамандарды тартудың орындылығы туралы құжаттарды қабылдау және қарау
2020 жылдың 12 айында қызметтің бұл түрі көрсетілмеген.
18) Санаторий-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру.
2020 жылдың 12 айында санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы 794 қорытынды берілді.
19) Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру.
2020 жылдың 12 айында көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы 4 426 анықтама берілді.
20) Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті.
2020 жылдың 12 айында алдын ала медициналық тексеруден өту бойынша 32 203 қызмет көрсетілді.
21) Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беруді қамтиды.
2020 жылдың 12 айында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну бойынша 1 816 811 қызмет көрсетілді.

Қоғамдық таңдаудың қорытынды хаттамасы № 10 (2016 ж. 15.03.) Zip (57 Kb)
Фармацевтикалық және медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы (жоба) Zip (16 Kb)