Мемлекеттік орган
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Аймақ
Солтүстік Қазақстан облысы
Санат(лауазымдар тізіліміне сәйкес)
D-O-4
Орташа лауазымдық айлықақы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Білімге қойылатын талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Мамандығы(классификаторға сәйкес)
Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы),
Денсаулық сақтау
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
- Қорытындылар және ұсынымдарға талдау, оның ішінде денсаулық сақтау басқармасының басшылығына ұсынылатын ақпарат бойынша рейтингтік талдау;
- Нозология бойынша ауруларды басқару бағдарламасының (АББ) жобасы бойынша жұмысты үйлестіру: артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті;
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен бірлесіп, тұрғындарды скринингтік тексерулерді жыл сайынғы жоспарлауды жүзеге асыру және бақылау;
- Халықты скринингтік тексеруді ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;
- Скринингтік зерттеулердің нозологиясы бойынша Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректерімен жеке есептерді дайындау және салыстыру;
- Ай сайын медициналық ұйымдардан нақты орындалған көлем туралы скринингтік зерттеулер бойынша ақпарат жинау;
- Скринингтік тексерулер кезінде анықталған жағдайларды медициналық ұйымдардың диспансерлік есепке уақтылы алуын бақылау;
Профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру, профилактикалық медициналық тексерулерді жоспарлау және мониторинг жүргізу;
- Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;
- Медициналық ұйымдар арасында халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралардың орындалуын мониторингілеу;
- Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша жыл сайынғы Бюджеттік өтінімді жүзеге асыру (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс);
- Тиісті лоттар бойынша халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды сатып алу үшін техникалық ерекшелік әзірлеу;
-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын іске асыру;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданыстағы барлық ұлттық бағдарламаларды орындау бойынша аналитикалық мәліметтерді дайындау және үйлестіру;;
- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқасына материалдар дайындау және жинақтау;
- Жоғары тұрған ұйымдарға жетекшілік ететін мәселелері бойынша есеп беру мәліметтерін құрастыру;
- Медициналық ұйымдардың жұмысында ақаулар анықталған жағдайда Бөлім басшысының атына 2 күннен аспайтын мерзімде қызметтік жазба ұсыну қажет;
- Басқарма қызметінің түрлі аспектілері бойынша облыс әкімінің бұйрықтарының, шешімдерінің және баянаттарының жобаларын әзірлеуге тікелей қатысу;
- Арнайы шұғыл және жоспардан тыс жұмыстарды, сондай-ақ жұмыс процесінде қажетті қосымша есептілікті орындау;
- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
А функционалдық блогі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Кадрлар мәселелерi туралы ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: 150000, Петропавл қаласы, Театр көшесi, 56А, 23 кабинет, тел. 8 (7152) 46-94-91 — Шамина Гулия Балкенқызы