Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр
Мемлекеттiк iстер жөнiндегi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттiктiң департаментiмен (бұдан әрi — Департамент) мемлекеттiк қызметкерлердiң құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау және мемлекеттiк қызмет қызметкерлерiнiң тұрақтылығы мен кәсiбилiгiне кепiл болып табылатын оларды әлеуметтiк қорғауды арттыру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi.
Агенттiкпен бекiтiлген мемлекеттiк қызметте этика деңгейiн көтеру жөнiндегi 2018 жылға кешендiк жоспар аясында, Департаментпен мәселелердi нақты белгiлеу және қызметкер орналасқан мемлекеттiк лауазыммен сәйкес, лауазымдық уәкiлеттiлiк көлемi жөнiндегi лауазымдық нұсқаулықтарға талдаулар жүргiзiледi.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет туралы» заңның 9, 53, 54, 56, 57 баптарының талаптарын сақтау; меморгандардың қайта құрылуы кезiндегi мемқызметкерлердiң еңбек құқықтарын сақтау және басқару құрылымдарының өзгеруi, демалыстар беру және сәйкес төлемдер, үстеме ақылар, материалдық көмек пен сыйақылар, сондай-ақ қызметкерлердi уақытында бiлiктiлiгiн көтеруге және қайта даярлауға жiберу, кепiлдiктi жүзеге асыру және iссапар кезiнде мемқызметкердiң өтемақысының сақталуы мәселелерi зерделенедi.
Мемлекеттiк қызмет туралы заңнама талаптарын бұзған жағдайда Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы СҚО бойынша Агенттгi Департаментiнiң 46-74-46 нөмiрi бойынша сенiм телефонына, немесе өз ұсыныстарыңыз бен пiкiрiңiздi ukgs_sko@bk.ru (қызметкердiң Т.А.Ә, лауазымы, байланыс деректерi және басқ.) электрондық мекенжайына жолдай аласыз.