Мал иелеріне кеңес

Мал иелеріне кеңес

Облыста жануарларды жоспарлы мiндеттi күзгi дауалау науқаны басталды. Жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы бекiтiлген эпизоотияға қарсы iс-шаралар жоспарына сәйкес жануарларға сiбiр жарасына, құтыруға, нодулярлы дерматитке және басқа да ауруларға қарсы екпе егiлiп, бруцеллез, туберкулезге диагностикалық зерттеулер жүргiзiлiп жатыр.

Эпизоотиялық саулық, демек жануарлардан алынатын өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгi ветеринариялық ем-домның уақтылы жүргiзiлуiне байланысты.

Мал иелерiне жануарларына ветеринариялық ем-дом жасатуға кеңес беремiз.

Ветеринариялық заңнама талаптарын сақтауды сұраймыз.