Меншiгiнде жылқысы бар азаматтарға «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету олардың иелерiнiң мiндетi екендiгiн еске саламыз.
2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру қағидаларының 2-тармағында құлындарды төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезiнде) және туған күнiнен бастап жетi күн өткеннен кейiн (чиптеу кезiнде) он төрт жұмыс күнiнен кешiктiрмей бiрдейлендiру көзделген.
Сонымен қатар Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 27 шiлдедегi № 45/2 шешiмiмен бекiтiлген Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларының 5-тармағына сәйкес бiрдейлендiрiлмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берiлмейдi.
Ветеринариялық заңнама нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қандай да бiр себептермен бiрдейлендiрiлмеген жылқылары бар мал иелерiне елдi мекенiңiзге бекiтiлген ветеринар мамандарға жүгiнуге кеңес беремiз, олар өз кезегiнде барлық қажеттi шараларды жүргiзедi.
Бұл ретте «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi № 235-V ҚРЗ Кодексiнiң «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» жөнiндегi 406-тармағына, «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, …. бұзу» жөнiндегi 408-тармағына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық көзделгенiн хабарлаймыз.
Мал иелерiн ветеринария саласындағы заңнама нормаларын сақтауға шақырамыз.