
24 желтоқсанда Петропавл қаласында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) «Орталық Азиядағы «Бірыңғай денсаулық» тәсілінің негізінде пандемияға дайындық және жауап шаралары» жобасы аясында ұйымдастырылған биологиялық материал сынамаларын алу бойынша ветеринар мамандарға арналған мамандандырылған тренинг өтті.
Тірі және сойылған мал мен құстан сынамалар алу дағдыларын көрсету үшін тренингтің тәжірибелік бөлігі «ПРОВИАНТ ГРУП ДИСТРИБЬЮШН» ЖШС мал сою пунктінде өтті.
Тренинг облысымыздың жергілікті атқарушы органдарының мал дәрігерлерінің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған. Мақсаты – зертханалық диагностика сынамаларын жинау, орау, тасымалдау және рәсімдеу тәжірибесін жетілдіру арқылы сібір жарасы, бруцеллез, құс тұмауы және пастереллез сияқты қауіпті ауруларды эпидемиологиялық қадағалау тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Осы тренингтің негізгі міндеттері теориялық дайындық, практикалық пысықтау және кәсіби құзыреттілікті нығайту болды. Қатысушылар сынамаларды алудың ұлттық және халықаралық стандарттарымен, олардың сапасын сақтау және биоқауіпсіздік нормаларын сақтау әдістерімен танысты. Іс-шараның тәжірибелік бөлігінде тірі және сойылған жануарлардан сынама алу, сынамаларды зертханаға дейін тасымалдау дағдылары бекітілді.
Бұл тренинг қатысушыларға теориялық білімді игеріп қана қоймай, оларды тәжірибеде бекітуге, биологиялық материал сынамаларын алу саласындағы кәсіби дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді.
Мұның бәрі кешенді түрде барлық инфекцияларға жедел ден қоюға және сынамалар алу сапасын жақсартудың арқасында олардың таралу қаупін тиімді түрде азайтуға мүмкіндік береді.