«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесін жүргізу

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесін жүргізу

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу үшін құрылған жүйе. Дерекқорда жануардың барлық жеке сипаттамалары: жынысы, иесінің аты, түсі, жасы және басқа да деректері қамтылады. Барлық жануарларға есеп жүргізу үшін бірегей нөмір беріледі. Сонымен қатар ветеринариялық паспорт беріледі, оған көрсетілген сипаттамалар мен жүргізілген жоспарлы диагностикалық зерттеулер мен вакцинациялар туралы ақпарат енгізіледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иесі бірдейлендіру жүргізу қажеттілігі туралы ауданның ветеринариялық станциясына жүгінеді.

Ауылдық округтің мал дәрігері жануарды бірдейлендіреді, ведомость толтырып, деректерді «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына енгізеді.

Жануарларды таңбалаудың негізгі тәсілі – сырғалау, бұл мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ чиптеу, татуировка және таңбалау әдістері де қолданылады.

Мал иесі ветеринариялық паспорт алу үшін ветеринариялық станцияда белгіленген нысандағы өтінішті толтырады.

Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт жеке-жеке беріледі. Иесінің таңдауы бойынша ветеринариялық паспортты ұсақ мал мен шошқалар тобына (отарына) беруге болады.

Иесі толық мәліметтерді көрсете отырып өтініш берген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болмаса, ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері дерекқорда электрондық түрде белгіленген нысанға сәйкес ветеринариялық паспортты рәсімдеп, ветеринариялық станцияның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылады. Иесі ветеринариялық станцияға жүгінген кезде ветеринариялық паспорт дерекқордан басып шығарылып, иесіне беріледі.

Сондай-ақ бұл көрсетілетін қызметті Tort Тulik (ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған мобилді қосымша) арқылы алуға болады. Осы қосымша арқылы иелері өз жануарларының тізіміне мониторинг жүргізе алады, онлайн сатып алу және сату, сондай-ақ жануарларды есептен шығару, мәліметтерді түзету функцияларын орындай алады.

Ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық ем-дом шаралары және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтер, ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) дерекқорға енгізіледі.

Мал дәрігерлері үшін мобилді құрылғылар арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының есебін жүргізе алатын «ИСЖ MOBILE» мобилді қосым