Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу

Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу

2022 жылғы 2 наурызда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енгеннен кейін қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларға (иттер мен мысықтарға) қарау қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптар белгіленді. Заң үй жануарларын жансыздандыруға тыйым салады. Заңның 23-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес іс-шаралар қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау пункттерінде не панажайларда ұстауды қамтиды.

Қаңғыбас жануарлар қалалық ортаның бір бөлігіне ғана емес, нағыз әлеуметтік мәселеге айналды. Жабайыланып кеткен иттер адамдар, әсіресе балалар үшін өте қауіпті. Ит – адамның досы, дегенмен далада қалған үй жануары ызаланып, жабайыланып, жаңа тіршілік ету ортасына бейімделеді немесе өледі.

Қаңғыбас жануарлардың саны стерилизациялау жолымен ғана реттеледі. Қаңғыбас иттерді аулайды, стерилизациялайды, вакцина егіп, бұрын менендеген жеріне босатып жібереді («Аулау – Стерилизациялау – Вакциналау – Босатып жіберу»).

          Заң қабылданғаннан бастап Петропавл қаласының аумағында 500-ден астам қаңғыбас ит пен мысық стерилизацияланды. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.

Қаңғыбас жануарлар санының көбею проблемасы асыранды иттер мен мысықтарды ұстау мәдениетінің болмауынан туындап отыр. Кейбір иелері үй жануарларын өз бетінше серуендеуге жіберсе, басқалары жалықса немесе ыңғайсыздық тудырса, жануарын тіпті қуып жіберуі де мүмкін. Өкінішке орай, осының бәрі қаңғыбас иттердің назардан тыс көбеюіне әкеп соғады.

          Сонымен қатар үй жануарларының иелеріне тұқымдық құндылығы жоқ үй жануарларын стерилизациялауға/кастрациялауға кеңес беріледі, сондай-ақ Заңға сәйкес 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап иелері өздерінің үй жануарларын (иттерді, мысықтарды) есепке қоюы қажет. Осының барлығы қаңғыбас жануарлардың санын біртіндеп азайтуға ықпал етеді.