
2024 жылғы 09-10 қазанда Шал ақын ауданында «Басқару органдарының, төтенше жағдайлар комиссияларының төтенше жағдай салдарының алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау бойынша іс-қимылдары» тақырыбында кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.
Осы оқу-жаттығуларға «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК негізінде құрылған Азаматтық қорғаудың аудандық жануарларды қорғау командасы қатысты, оның құрамында 4 адамнан тұратын жеке құрам мен 2 бірлік техника («КАМАЗ» негізіндегі мал таситын көлік, «Нива» жеңіл машинасы) болды.
Оқу-жаттығулардың практикалық бөлігі басталар алдында аудандық жануарларды қорғау командасының жеке құрамы сапқа тұрғызылды, керек-жарақпен жабдықталуы, жеке қорғану құралдарының бар-жоғы тексерілді.
Оқу-жаттығулар барысында ауданның жануарларды қорғау командасы ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпсіз жерлерге эвакуациялау мәселелерін практикалық тұрғыда пысықтады.
Аудандық жануарларды қорғау командасының құралымдары төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлығын көрсетті.