
2020 жылғы 13-17 шiлде аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ қызметкерлерi азаматтық қорғау саласында қайта даярлаудан өттi, оның ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетiнiң Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдiстемелiк орталығы.
Биыл коронавирус пандемиясына және шектеу шараларына байланысты курстар онлайн форматта өттi.
Бiр апта бойы курсқа қатысушылар азаматтық қорғаудың негiзгi түсiнiктерi мен тәсiлдерiн, азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретi мәселесiн, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерiн, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын талқылады.