TortTulik

TortTulik

Ветеринария басқармасы басшысының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 169 бұйрығымен бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2024 жылы 20-23 тамыз аралығында ішкі бақылау қызметінің бас маманы Азамат Әбілұлы Әбішев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізді. Тексеру барысында ветеринарлық станция мамандарымен жұмыс кездесуі және мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, TortTulik мобильді қосымшасын тіркеу және пайдалану бойынша Сергеевка қ., Аютас, Арай, Афанасьевка, Жанажол, Новопокровка, Приишимка, Семиполка, Юбилейный ауылдық округтері және Шал ақын ауданның әкімдерімен, әкім аппараттарының мамандарымен және тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Ветеринариялық станцияға жиі келетін жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.