
2024 жылғы 26-28 маусымда Шал ақын ауданында «Жазғы кезеңіндегі ТЖ салдарының алдын алу және жою бойынша басқару органдарының, төтенше жағдайлар комиссияларының іс-әрекеттері және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау» тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.
Осы оқу-жаттығуларға «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК негізінде құрылған Азаматтық қорғаудың аудандық жануарларды қорғау командасы қатысты, оның құрамында 5 адамнан тұратын жеке құрам мен 2 бірлік техника («КАМАЗ» негізіндегі мал таситын көлік, «Нива» жеңіл автокөлігі) бар.
Оқу-жаттығулардың практикалық бөлігі басталар алдында аудандық жануарларды қорғау командасының жеке құрамы сапқа тұрғызылды, құрал-саймандармен жабдықталуы, жеке қорғану құралдарының бар-жоғы тексерілді, сондай – ақ «КАМАЗ» мал таситын автокөлігі көмегімен өрт қаупі бар аймақтан 5 бас ҰҚМ қауіпсіз орындарға көшірілді.
Аудандық жануарларды қорғау командасының құралымдары төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлығын көрсетті.