
Ағымдағы жылғы 20 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ғимаратында Әдеп жөніндегі уәкіл Серікбаев Сейілхан Махмұтұлы «Дорожный контроль» ҚБ төрағасының орынбасары Александр Сергеевич Павловпен бірлесіп Әдеп кодексінің, «Ветеринария туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң нормаларын мүлтіксіз сақтау туралы жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында «сыбайлас жемқорлық», «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар», «пара алу/беру», «билікті асыра пайдалану» және басқа да ұғымдар түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын талаптарды және мінез-құлық стандартын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің өткен кезеңде жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарына және қоғамға қарсы әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілеріне жүргізілген талдау мәлімделді. Кездесу қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлеріне:
- мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға;
- мемлекеттік қызметке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заңнамалық актілерді үнемі зерделеуге;
- басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруға кеңес берілді.