
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларының иелері өз үй жануарларын есепке қоюы қажет.
Солтүстік Қазақстан облысында «ТАNBA» жануарларды есепке алу ақпараттық сервисі жұмыс істейді, бүгінгі күні онда 9750 үй жануарлары есепке қойылған. Күн сайын бұл көрсеткіш артып келеді.
Бүгінгі таңда жануарларға чип салумен Петропавл қаласының ветеринариялық клиникалары айналысады. Облыстағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары негізінде үй жануарларына чип салу тегін жүргізіледі.
Чип салу жануарларға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді және арнайы чиптер пайдаланылатын жануарларды таңбалаудың қауіпсіз әрі заманауи әдістерінің бірі болып табылады. Жануарға чип салу – ауыртпай жасалатын процедура.
Бірдейлендірудің заманауи әдістері мыналарды қамтамасыз етеді:
Чип дербес 15 мәнді сандық кодтан тұрады, ал жануар мен оның иесі туралы ақпаратты сақтау үшін чип салынған жануарлардың электрондық дерекқорлары пайдаланылады. Он бес сандық ұяшық жануардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді бірдейлендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қайталанбауына кепілдік береді, ал биоүйлесімді шыны микрочиптің жылжу мүмкіндігін болдырмайды. Чиптен ақпаратты оқу саны шектелмейді. Микрочип қуат көзін қажет етпейді және өздігінен сәуле таратпайды, тек сканермен белсендіріледі.
Құрметті үй жануарларының иелері, осы мәселеге жауапкершілікпен қарап, үй жануарларына қамқорлық жасауды сұраймыз.
Чип салу мәселелері бойынша сіз ветеринариялық клиникаларға, сондай-ақ үй жануарларыңыздың тұрған жеріндегі ветеринариялық станцияларға жүгіне аласыз.