
2024 жылғы 30-31 мамырда Жамбыл ауданында «Басқару органдарының, ТЖ бойынша комиссияның өртке қауіпті кезеңде төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау жөніндегі іс-қимылдары» тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.
Осы оқу-жаттығуларға «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК негізінде құрылған Азаматтық қорғаудың аудандық жануарларды қорғау қызметі қатысты, оның құрамында 4 адамнан тұратын жеке құрам мен 2 бірлік техника («КАМАЗ» негізіндегі мал таситын көлік, «Нива» жеңіл автокөлігі) бар.
Оқу-жаттығулардың практикалық бөлігі басталар алдында аудандық қызметтің жеке құрамы сапқа тұрғызылды, құрал-саймандармен жабдықталуы, жеке қорғану құралдарының бар-жоғы тексерілді.
Оқу-жаттығулар барысында ауданның жануарларды қорғау қызметі ауыл шаруашылығы жануарларын өртке бейім аумақтан көшіру мәселелерін практикалық жағынан пысықтады.
Аудандық жануарларды қорғау қызметінің құралымдары төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлығын көрсетті.