
Облыста жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы міндетті ветеринариялық-профилактикалық жалғасуда. Сібір жарасына, құтыруға, нодулярлы дерматитке және басқа да ауруларға қарсы вакцина егіліп, бруцеллез, туберкулезге диагностикалық зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар құстарға жоғары патогенді құс тұмауы мен Ньюкасл ауруына қарсы профилактикалық вакцина егіліп жатыр.
Эпизоотиялық саулық, халықтың денсаулығы, жануарлардан алынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі ветеринариялық ем-домның уақтылы жүргізілуіне байланысты.
Осыған байланысты, мал иелерін жануарларына ветеринариялық ем-дом жасатуға, оларды бірдейлендіруді қамтамасыз етуге шақырамыз.
Ветеринариялық заңнама талаптарын сақтауды сұраймыз.