Облыста жануарларды жоспарлы көктемгi дауалау науқаны аяқталды. Осы iс-шаралар аясында барлық жануар түрiнiң 477,7 мың басы бруцеллёзге, 275,5 мың бас iрi қара мал туберкулёзге зерттелдi.
Жануарлар сiбiр жарасына, нодулярлы дерматитке және басқа да ауруларға қарсы вакциналанды.
Келесi жоспарлы ветеринариялық дауалау жануарларды қораға қояр алдында жүргiзiлетiн болады.
Алайда ауылдық округтердегi мал дәрiгерлерiнiң жұмысы аяқталған жоқ. Олар жануарлар туралы барлық мәлiметтi компьютерлiк дерекқорға енгiзу, төлдердi бiрдейлендiру, қажет болған жағдайда жануарлар мен құстарды емдеу жұмыстарын жүргiзуi қажет.
Қандай да бiр себептермен ветеринариялық ем-дом жасалмаған не қораларында бiрдейлендiрiлiмеген малдары бар азаматтарға елдi мекенiңiзге бекiтiлген ветеринар маманға жүгiнуге кеңес беремiз. Олар өз кезегiнде барлық қажеттi iс-шараларды жүргiзедi.
Ветеринария саласындағы заңнама нормаларын сақтауға шақырамыз.