
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ант қабылдау мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
2024 жылғы 20 наурызда СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасында алғаш рет қабылданған және сынақ мерзімінен ойдағыдай өткен мемлекеттік қызметшілер –қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы Ерден Русланұлы Ахмадия салтанатты түрде ант қабылдады.
Салтанатты іс шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Басқарма басшысы Жанат Қабижанұлы Әміржанов құттықтау сөз сөйледі.
Мемлекеттік қызметте табыс, алға қойған мақсаттарға жетуде сәттілік тіледі.