
Облыста жануарларды міндетті көктемгі ветеринариялық дауалау науқаны басталды. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бекітілген эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жануарларға сібір жарасына, құтыруға, нодулярлы дерматитке және басқа да ауруларға қарсы екпе егіліп, бруцеллез, туберкулезге диагностикалық зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар жоғары патогенді құс тұмауы мен Ньюкасл ауруына қарсы профилактикалық вакцина егіліп жатыр.
Эпизоотиялық саулық, халықтың денсаулығы, жануарлардан алынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі ветеринариялық ем-домның уақтылы жүргізілуіне байланысты.
Осыған байланысты, мал иелерін жануарларына ветеринариялық емдом жасатуға, оларды бірдейлендіруді қамтамасыз етуге шақырамыз.
Ветеринариялық заңнама талаптарын сақтауды сұраймыз.