
2024 жылғы 12 наурызда Басқармада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекторы Светлана Николаевна Зайцеваның қатысуымен «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша одан арғы шаралар» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді, кеңес барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 3 қаңтардағы Заңы, сондай-ақ негізсіз баю жауапкершілігі, әшкерелеушілерді қорғау, құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою мәселелері қаралды, кеңеске бейнеконференц байланыс режимінде ветеринариялық станциялардың директорлары мен комплаенс қызметтерінің мамандары да қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау, жалпыға бірдей танылған әдеп құндылықтарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық нормалары, еңбек және атқарушылық тәртіп туралы кеңестер берілді.