
СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы облыстағы ветеринарлық мамандардың бос орындарын жабу мақсатында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ түлектері мен студенттерімен жыл сайынғы Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты, кездесу барысында ветеринария басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Аманболат Төлегенұлы Джетекенов жалпы ветеринариялық қызметтің маңыздылығы туралы айтып, сондай-ақ. жас мамандарға "Дипломмен ауылға" жобасы шеңберінде көтерме жәрдемақы беру түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілетінін, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие берілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында барлық сұрақтарға жауаптар берілді.