
Бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібіне сәйкес мал иелері ауру жануарларды басқа жануарлардан оқшаулап, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде ет комбинаттарына немесе сою пункттеріне санитариялық союға өткізуге міндетті.
Бруцеллез малды санитариялық союға өткізген кезде зертхананың мал дәрігері тікелей сою объектісінде ветеринариялық-санитариялық сараптама жасап, тұтас еттің ветеринариялық-санитариялық бағасын айқындайды.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау қағидаларына сәйкес тұтас еті мен ағзаларында патологанатомиялық өзгерістер болмаған кезде бруцеллез малдың еті (қой мен ешкінің тұтас етін қоспағанда) 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді.
Мал иелері осындай қорытынды алған кезде берілген ветеринариялық-санитариялық сараптама актісінің негізінде бруцеллезге оң әсер берген малдың тұтас етін ішкі сауда объектілерінде (дүкендер, базарлар) нарықтық баға бойынша сата алады немесе тұтас етті сою объектісінде өз қалауы бойынша нарықтық бағамен қалдыра алады.
Сондықтан ірі қара мал, шошқа, түйе мен жылқы бруцеллезбен ауырған кезде етті шектеусіз пайдалану туралы сараптама актісін алған ет иелеріне жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құны өтелмейді.
Демек, міндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жіберілетін тұтас ет пен ағзаларында патологанатомиялық өзгерістер болғанда ғана бруцеллез малдың құны өтеледі. Құны жануарлардан алынатын өнімнің бір килограмы есебімен орташа айлық нарықтық құнының 30%-ы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен өтеледі, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлігін (70%) өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді.
Бруцеллез мал үшін өтемақы төлеу тәртібі «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығының 5-тарауы 14-тармағында реттеледі.
Бруцеллезге оң әсер берген жануарларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу кезінде құнын өтеуге қажетті құжаттар тізбесі: