
Осы жылғы қаңтар айында ветеринария басқармасының мамандары көрсетілетін қызметті алушылармен "Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізді, сондай-ақ тұрғындарға ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілген брошюралар мен жаднамалар таратты.