Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi семинар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi семинар

2020 жылғы 1 маусымда Ветеринария басқармасында басқарма басшысы Берiк Ақылжанұлы Әлжановтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» жөнiнде семинар өткiзiлдi.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң инспекторы Зайцева Светлана Николаевна, ветеринария басқармасының бөлiм басшылары, мамандары, бейнеконференция байланыс режимiнде ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.