Кәсіптік одақтар туралы

Кәсіптік одақтар туралы

2023 жылғы 15 қарашада СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы 2023 жылға бекітілген оқу-тақырыптық жоспар аясында «Кәсіптік одақтар туралы» жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңеске «СҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Бекет Қауасханұлы Нұғыманов, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Азат Кенжеболатұлы Көшербаев қатысты, өйткені қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау осы аталған ұйымдардың функциясы болып табылады.
Кеңесте ветеринария басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Азамат Әбілұлы Әбішев кәсіподақтар және басқарма кәсіподағының қызметі туралы баяндама жасады.
«СҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Бекет Қауасханұлы Нұғыманов облыстың ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының маңыздылығы мен қызметі, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерін шипажайлар мен курорттарға емделуге жіберу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және алдағы бірлескен жұмыс жоспарлары туралы сөз сөйледі.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Азат Кенжеболатұлы Көшербаев еңбек қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, қызметкерлерді де, жұмыс берушілерді де заңнама талаптарын сақтауға шақырды.
Жұмыс кеңесі барысында қызықтыратын сұрақтар талқыланып, толыққанды жауап алынды.