Облыста жануарларды жоспарлы көктемгi дауалау бойынша науқан аяқталуға жақын қалды. 25 мамырдағы жағдай бойынша жоспарларда көзделген зерттеулер мен ауруларға қарсы вакциналаудың 80%-дан астамы жүргiзiлдi.
Мал ұстаған және өсiрген жағдайда, оларды жыл сайын бруцеллезге, туберкулезге зерттеу, сондай-ақ сiбiр жарасына, құтыруға, нодулярлық дерматитке және жоспарда көзделген басқа да ауруларға қарсы вакциналау мiндеттi шарт болып табылатынын еске саламыз. Малдың iндеттен сау болуы, жануардан алынатын өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгi ветеринариялық ем-домның уақтылы жүргiзiлуiне байланысты.
Қандай да бiр себептермен малдарына ветеринариялық ем-дом жасалмаған азаматтарға елдi мекенiңiзге бекiтiлген ветеринария мамандарына жүгiнiп, қажеттi вакциналарды ектiрiп, зерттеу жүргiзуге кеңес беремiз.
Ветеринария заңнамасының талаптарын сақтауды сұраймыз.
Сiздiң денсаулығыңыз — сiздiң қолыңызда!