Кеңес

Кеңес

Облыс аумағында эпизоотиялық саулықты қамтамасыз ету — жергiлiктi атқарушы органдардың ветеринариялық қызметiнiң тiкелей мiндетi. Заңнамаға енгiзiлген өзгерiстер тұрғысында әрекеттегi құрылым қайта ұйымдастырылды. Аудандардың ветеринариялық станциялары облыстың ветеринария басқармасының қарамағына берiлдi.

Осыған байланысты, ветеринария басқармасының басшысы Б.А. Әлжановтың төрағалығымен ветеринариялық станциялардың директорларымен кеңес өткiзiлдi, онда ұйымдастыру мәселелерi, көктемгi ветеринариялық iс-шаралар жүргiзу, бiрдейлендiру және тағы басқа мәселелер талқыланды.