Бiрыңғай ақпараттық күн

Бiрыңғай ақпараттық күн

Қазақстан Республикасының Президентi Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегi «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру бойынша бiрыңғай ақпараттық күн аясында 2020 жылғы 28 ақпанда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң басшысы А.Т. Джетекенов Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округi Покровка ауылының тұрғындарымен кездесу өткiздi.

Аманболат Төлегенұлы баяндамасында Тәуелсiздiктiң алғашқы күндерiнен бастап Қазақстанның мемлекеттiк этносаясаты Қазақстанның мемлекеттiлiгiн құруға, Қазақстан халқының бiрлiгi мен тұтастығы идеяларын нақтылы түрде iске асыруға бағытталғанын, Конституцияда қоғамдық келiсiм мен этносаралық толеранттықтың қазақстандық моделiнiң халықаралық стандарттарға сай келетiн мықты құқықтық негiзi қаланғанын атап өттi.