жұмыс кеңесі

жұмыс кеңесі

2023 жылғы 21 қыркүйекте СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасында басқарма басшысы Ж.Қ. Әміржановтың төрағалығымен Петропавл қаласы және аудандардың ветеринариялық станцияларының директорлары мен мамандары үшін «E-otinish» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу мәселелері, сондай-ақ иелері халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын үй жануарларына (иттерге, мысықтарға) чип салу барысы жөнінде» жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында жолданымдарды «Е-otinish» жүйесінде тіркеу, қарау және мерзімдерін сақтау кезінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі жануарларға чип салу жұмысын жалғастыру, халықпен үй жануарларына чип салу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде баяндалды.