«Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді

«Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді

      2023 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Осы оқу-жаттығуларға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Әлжанұлы Болыспаев қатысты.

      Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты – сейсмикалық белсенділік және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды, сондай-ақ жануарлар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қорғауды үйрету.   

       Оқу-жаттығу барысында жануарларды қорғауды ұйымдастыру, зардап шеккен үй жануарларын эвакуациялау, оларға ветеринариялық көмек көрсету, қырылған жануарларды жою сияқты міндеттер қойылды.

       Оқу-жаттығу нәтижелері облыстық жануарларды қорғау қызметі құралымдарының жер сілкінісі салдарын жоюға әзірлігін көрсетті.