«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қатысты АҚПАРАТ

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын  іске асыруға қатысты  АҚПАРАТ

2023 жылға жергілікті бюджеттен қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауға, уақытша ұстауға, бірдейлендіруге, вакцина егуге және стерилизациялауға, сондай-ақ иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын бірдейлендіруге 53,4 млн. теңгеге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды стерилизациялау, операциядан кейінгі күтім жасау және вакциналау, сондай-ақ бірдейлендіру бойынша көрсетілетін қызметтер» бойынша жеңімпаз болып ЖК «Шевелёва К.С.» («ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы) айқындалды.

        Осы жылғы 10 сәуірден бастап қаңғыбас жануарларды стерилизациялау жұмыстары басталды. Бүгінгі күні 183 бас қаңғыбас жануар (180 ит, 3 мысық) ауланып, чип салынды және стерилизацияланды. 150 бас қаңғыбас жануар (147 ит, 3 мысық) мекендейтін ортасына қайтарылды, 6 бас қаңғыбас ит панажайға өткізілді.

          Қазақстанда 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Үй жануарларын есепке алу қағидалары қолданысқа енгізілді, соған сәйкес иелері өздерінің үй жануарларын есепке қоюы тиіс. Тіркеу иелерінің өз есебінен жүргізіледі, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бұл қызметтің ақысы мемлекеттен төлейді.

Өткен жылдан бастап облыста Үй жануарларын есепке алу жөніндегі «TANBA» ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Бұл жүйеде аудандардағы 13 ветеринариялық станция, Петропавл қаласындағы 1 ветеринариялық станция, 7 ветеринариялық клиника, 1 панажай, 1 зооқорғау ұйымы тіркелген. Бүгінгі күні 4 424 үй жануары, оның ішінде 2 591 ит, 1 833 мысық есепке қойылды.

Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларына чип салуға облыстық бюджеттен 2,7 млн. теңге бөлінді.  

Ветеринария басқармасы аудандардың ветеринариялық станцияларымен иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын бірдейлендіру бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасты.

Ветеринариялық станциялар 12 759 чип сатып алды.

Ветеринариялық станция мамандарының тиісті ветеринариялық білімі мен дағдылары бар. Үй жануарларын чиптеу – өте қарапайым процедура, чип шприцке ұқсас арнайы бір реттік аппликатордың көмегімен тері астына енгізіледі.

Сонымен қатар ветеринар мамандар «Үй жануарларын (иттер мен мысықтарды) чиптеу әдісімен бірдейлендіру» тақырыбы бойынша біліктіліктерін арттырды, сондай-ақ «TANBA» үй жануарларын есепке алу ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқытылды.

Петропавл қаласының әкімдігі уақытша ұстау пунктін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 13 млн. теңге қаржы бөлді, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Мунай Интер Құрылыс» ЖШС-мен шарт жасалды, ауданы 1,5 га жер учаскесі бөлінді, эскиз жобасы әзірленді.

Жыл басынан бері облыста Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 407-2-бабы бойынша үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 629 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Облыста зообақылау ұйымдарының өкілдерімен жануарларды қорғау, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

        Қазіргі уақытта облыста 3 жеке меншік панажай жұмыс істейді, оның ішінде Петропавл қаласында – 2 панажай («Белый Бим», 400 бас итке арналған, «Исаков Андрей» жеке меншік қайырымдылық қоры, 300 мысық пен 500 итке арналған), Қызылжар ауданы Вишневка ауылында – 1 панажай («Шанс на жизнь», 500 итке арналған).

        Сонымен қатар Петропавл қаласында 3 зооқорғау ұйымы бар («Верный друг» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Фауна» жастар қоғамдық бірлестігі, «Северо-Казахстанское зоозащитное движение Ковчег» қоғамдық бірлестігі).

Қаңғыбас иттердің санын ізгілікпен реттеу жөніндегі ынтымақтастық туралы 4 меморандум жасалды. Телеграмм чат құрылды. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектордың 4 куәлігі берілді.

Заңды іске асыру бойынша жұмыс жалғасады.