«Үй жануарларына чип салу» тақырыбында дөңгелек үстел

«Үй жануарларына чип салу»  тақырыбында дөңгелек үстел

2023 жылғы 13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы «Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия» РҚБ Солтүстік Қазақстан филиалы ұйымдастырған «Үй жануарларына чип салу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ. Әміржанов 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап иттер мен мысықтарға міндеттерді түрде чип салу қажеттілігі, ветеринариялық станциялардың иелері халықтың әлеуметтік осал тобына жататын үй жануарларын чиптеуге дайын екендігі туралы айтты. Іс-шараға қатысушыларға жануарларды есепке қою тәртібі, чип не үшін салынатындығы оның артықшылықтары, қалай салынатыны түсіндірілді.

         Бүгінгі таңда көптеген өркениетті елдер ветеринариядағы ең сенімді және ізгілікті бірдейлендіру жүйесі ретінде чиптеуге толығымен көшті. Сонымен қатар, чиптеу – бұл жануарға меншік құқығын дәлелдеудің ең жақсы тәсілі. Ветеринария басқармасы үй жануарларын чипсіз және/немесе татуировкасыз есепке қоюдың басқа тәсілі жануарларға жауапсыз қарауға, жануарлардың ұрлануына немесе ауысып кетуіне әкеп соғуы мүмкін деп санайды. Сондай-ақ, үй жануарлары жоғалған жағдайда немесе жануар көшеде қалып қойса, онда ақпараттық жүйе жоғалған үй жануарларын іздеуді жеңілдетіп, жануарды қасақана тастап кеткендерді жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді және алдағы уақытта қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты мәселені шешуі мүмкін.