Ауылшаруашылық жануарларын союдың ветеринариялық ережелері

Ауылшаруашылық жануарларын союдың ветеринариялық ережелері

Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын союға жол берілмейді. Сондықтан  ауыл шаруашылығы жануарларын сату үшін, сою тек ет өңдеу кәсіпорындарында, мал сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында жүзеге асырылады.

Өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында сою жүргізген кезде, сондай-ақ сою алаңдарында жануарларды сою кезінде ауылдық округтің ветеринариялық дәрігері жұргізетін шаралары;

- союға түскен ауыл шаруашылығы жануарларына ілеспе ветеринариялық құжаттың (ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық сертификат) болуын тексеру;

- ауыл шаруашылығы жануарында жеке нөмірдің болуын тексеру, жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға тіркеу;

- термометрия жүргізе отырып, жануарды сою алдындағы ветеринариялық тексеру және ұшалар мен органдарға союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптама, Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру, ұшаны таңбалау.

Мал сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы жануарларын сойғаннан кейін ет өнімі ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін (сынақ хаттамасын) көрсете отырып, ветеринариялық анықтамамен сүйемелденеді.

Сою алаңдарында ауыл шаруашылығы жануарларын сойғаннан кейін ет өнімдері міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өту қажеттігін көрсете отырып, аумақтың әл-ауқаты туралы ветеринариялық анықтамамен сүйемелденеді.

Сауда орындарында жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тұтынушылардың денсаулығы үшін азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім сапасын растайтын ветеринариялық ілеспе құжаттар болған кезде өткізуге жол беріледі.