Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бекіткен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 7 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ, «Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, «Ковчег» Солтүстік Қазақстан зооқорғау қозғалысы» ҚБ өкілдерінен құрылған жұмыс тобы «Шанс на жизнь» жеке баспанаға барды. Жұмыс тобының мүшелері ұсталған қаңғыбас жануарларды ұстау шарттарымен танысты. Сондай-ақ, үй жануарларын чиптеу қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді.