Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары, № 21/4 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары бекітілді.
2022 жылы 30 бас қаңғыбас жануар чиптелді және стерилизацияланды (кастрацияланды). 2023 жылға 600 бас қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, бірдейлендіруді, вакциналауды және стерилизациялауды, иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 53 млн. 445 мың теңге қаржы бөлінді.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес «Қаңғыбас жануарларды стерилизациялау, операциядан кейінгі күтім жасау және вакциналау бойынша көрсетілетін қызметтер» бойынша жеңімпаз болып жеке кәсіпкер «Шевелёва К.С.» («ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы) айқындалды.
Ағымдағы жылғы 10 сәуірден бастап қаңғыбас жануарларды стерилизациялау бойынша жұмыс басталды. Бүгінгі күнге дейін 98 бас қаңғыбас үй жануары (95 ит, 3 мысық) стерилизацияланды, вакциналанды және чиптелді.
Облыста жануарларды есепке алу жөніндегі «TANBA» ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Бұл жүйеде жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын 11 ұйым тіркелген (7 ветеринариялық клиника, 2 аулау қызметі, 1 панажай, 1 қоғамдық қор). Үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес 893 үй жануары есепке қойылды (609 ит, 284 мысық). Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектордың 3 куәлігі берілді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.
Қазіргі уақытта облыста 3 жеке меншік панажай бар және жұмыс істейді, оның ішінде Петропавл қаласында – 2 («Белый Бим», сыйымдылығы 400 ит, «Исаков Андрей» ЖҚҚ, сыйымдылығы 300 мысық, 500 ит), Қызылжар ауданы Вишневка ауылында – 1 («Шанс на жизнь», сыйымдылығы 500 ит). Сонымен қатар, Петропавл қаласында 3 зооқорғау ұйымы бар («Верный друг» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Фауна» жастар қоғамдық бірлестігі, «Северо-Казахстанское Зоозащитное движение Ковчег» қоғамдық бірлестігі). Ынтымақтастық туралы 4 меморандум жасалды. Телеграмм чат құрылды.
Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері жануарларды уақытша ұстау пункттері мен панажайлар салу үшін жер учаскелерін бөлу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгінгі күні Петропавл қаласының әкімдігі жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 13 млн. теңге бөлді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес уақытша ұстау пунктінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жеңімпаз болып «Мунай Интер Құрылыс» ЖШС айқындалды, ауданы 1,2 га жер учаскесі бөлінді.
Айыртау ауданының әкімдігі «Қазгидромет» ғимаратын аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансына берді, көрсетілген ғимаратқа жер учаскесі рәсімделіп, жерге мемлекеттік акт дайындалып жатыр, содан соң үй жануарларын уақытша ұстау пунктін күтіп-ұстау үшін қаражат сұралатын болады.
Ақжар ауданының әкімдігі Талшық ауылында бұралқы жануарларды уақытша ұстау пунктін салу үшін ауданы 1 га жер учаскесін бөлді. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 1,5 млн. теңге бюджет қаражаты бөлінді. 2023 жылғы 29 мамырда қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау пунктін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды.
Аққайың ауданының әкімдігі Смирнов ауылында елді мекен шетінде жалпы аумағы 0,25 га объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш берді. Жамбыл ауданының әкімдігі жер учаскесін (0,5 га) бөлді, жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Қызылжар ауданының әкімдігі уақытша ұстау пунктін салу үшін жер учаскесін (0,6 га) бөлді, 150 басқа арналған эскиз жобасы әзірленді, құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Ұақытша ұстау пунктін салуға 30 млн. теңге колемінде бюджет қаражатын бөлу жоспарланып отыр.
М. Жұмабаев ауданының әкімдігі жануарларды уақытша ұстау пунктін орналастыру үшін «М. Жұмабаев ауданының ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері» ШЖҚ КМК ғимаратын көздеп отыр, 10,0 млн. теңге бөлінді, аумақ қоршалды, 2 вольер жабдықталды (10 үйшік), 2 дана ит аулайтын тор тұзақ сатып алынды.
Мамлют ауданының әкімдігі бірінші сатыда жер учаскесін бөлу мәселесін келісу үстінде.
Тайынша ауданының әкімдігі Келлеровка ауылында бос тұрған ғимаратты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына беру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр; жоғарыда аталған ғимараттың құқық белгілеуші құжаттарын рәсімдеу жұмысы жүргізіліп жатыр, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Уәлиханов ауданының әкімдігі уақытша ұстау пунктінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2,8 млн. теңге бюджет қаражатын бөлді, Кішкенекөл ауылында ауданы 0,4 га жер учаскесі бөлінді.
Шал ақын ауданының әкімдігі ауданның ветеринариялық станциясының аумағынан жануарларды уақытша ұстау пунктін орналастыру үшін ғимарат бөлді. Ғимараттың аумағын және реконструкциялауға қажетті материалдың көлемін айқындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Материал сатып алу және құжаттарды рәсімдеу үшін қаражат бөлу жоспарланып отыр.
Осы бағытта жұмыс жалғасады.
Облыстың білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелерімен 465 психологиялық қызмет айналысады, оның ішінде 444 педагог-психолог және 407 әлеуметтік педагог бар.
Білім беру ұйымдарында оқушылардың жануарларға деген ізгілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында 50-ден астам іс-шара (пікірталастар, дәрістер, әңгімелер, сынып сағаттары, сурет конкурстары және т.б.) өткізілді.
Сондай-ақ «Дүниетану» (1-4-сыныптар), «Жаратылыстану» (1-6-сыныптар), «Көркем еңбек» (1-7-сыныптар) пәндері сабақтарында; орта және жоғары буындарда «География» (7-11 сыныптар); «Биология» (6-11 сыныптар), «Адам. Қоғам. Құқық» (9-сынып – 7 сағат, 10-11-сынып-7-10 сағат) пәндері аясында оқушылар экологиялық білімді қалыптастыру бойынша жеткілікті деңгейде білім алады, жануарларға мейіріммен және жанашырлықпен қарауды тәрбиелеудің кепілі ретінде қызығушылық, жағымды эмоциялар білдіреді.
Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады.
Облыста жануарларды қорғау мәселелері бойынша зоологиялық қорғау ұйымдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, оның ішінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жануарларға жауапкершілікпен қарау, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары туралы 64-ке жуық ақпараттық материал орналастырылды. Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» қосымша беті құрылды.
Сонымен қатар үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы әлеуметтік бейнеролик дайындалып, «МТРА», «QYZYLJAR», «Первый Северный» телеарналарында көрсетілімі ұйымдастырылды, сондай-ақ әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Зооқорғау-амбассадорлар «Северо-Казахстанское Зоозащитное движение Ковчег» қоғамдық бірлестігі) өкілдерімен жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін ынтымақтастық туралы жұмыс бабындағы кездесу өткізілді.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2023 жылға арналған деректері бойынша ит тістегеннен 314 адам зардап шеккен (иесі бар иттер – 158 жағдай, қаңғыбас иттер – 156 жағдай), оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар бойынша 112 жағдай (иесі бар иттер – 60 жағдай, қаңғыбас иттер – 52 жағдай), құтыруға қарсы емдік-профилактикалық вакцина егуге 314 адам жүгінді (алды).
Полиция органдарының 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған деректері бойынша облыста иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін 448 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, шамамен 11 млн. 609 мың теңгеге 435 әкімшілік айыппұл салынды.
Бүгінгі күні облыс аумағында азаматтардың ит тістегеннен қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ.
Петропавл қаласының аумағында үй жануарларын стерилизациялау, вакциналау және чиптеу бойынша қызметтер көрсететін 7 ветеринариялық клиника жұмыс істейді:
- «Надежда» ветеринариялық клиникасы, Жабаев көшесі 156, телефоны 39-70-65;
- «Айболит» ветеринариялық клиникасы, Интернациональная көшесі 21, телефоны 36-35-89;
- «Центр ветеринарной диагностики и терапии «Верный друг» ЖШС, Васильев көшесі 123, телефоны 87776076843;
- «Городская ветеринарная клиника» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі 130, телефоны 46-78-78;
- «Ветеринарный центр» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі 121, телефоны 37-37-91;
- «ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы, Тепловское лесничество көшесі 33, телефоны 87713888111;
- «Центр ветеринарной хирургии Пегас» ЖК, Батыр Баян көшесі 56А, телефоны 87478488482.
Заңды іске асыру бойынша жұмыс жалғасады.