Жазғы кезеңде ТЖ салдарының алдын алу және жою бойынша басқару органдарының, ТЖ комиссияларының іс-әрекеттері және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау

Жазғы кезеңде ТЖ салдарының алдын алу және жою бойынша басқару органдарының, ТЖ комиссияларының іс-әрекеттері және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау

2023 жылғы 29-30 маусымда Есіл ауданында «Жазғы кезеңде ТЖ салдарының алдын алу және жою бойынша басқару органдарының, ТЖ комиссияларының іс-әрекеттері және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау» тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.

Осы оқу-жаттығуларға «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Есіл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК негізінде құрылған құрамында 5 адамнан тұратын жеке құрам мен 3 бірлік техника (дезинфекциялық қондырғысы (ДУК) бар «УАЗ» автомашинасы – 1 бірлік, «Нива» және «Ssang Yong» жеңіл машиналары – 2 бірлік) бар Азаматтық қорғаудың аудандық жануарларды қорғау қызметі қатысты. 

Оқу-жаттығулардың практикалық бөлігі басталар алдында аудандық жануарларды қорғау қызметінің жеке құрамы сапқа тұрғызылды.

Оқу-жаттығулар барысында аудандық жануарларды қорғау қызметі Азаматтық қорғаудың аудандық жануарларды қорғау қызметі құралымдарының арнайы техникамен, жабдықтармен, жанар-жағармай материалдарымен, азық-түлікпен, арнайы киіммен, жазғы кезеңде төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша міндеттерді орындау үшін қажетті материалдармен, дәрі-дәрмектермен және жеке қорғану құралдарымен жасақталуы және жабдықталуы нақтыланды.

Аудандық жануарларды қорғау қызметі төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлығын көрсетті.

Оқу-жаттығулардың қорытындысы бойынша СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Мұрат Серікұлы Қанғожинов өткізілген оқу-жаттығуларға толық талдау жасап, олардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.