
Үй жануарлары –адамға ең адал тіршілік иесі.
Бүгінгі күні жануарларға қарауға қатысты жауапкершілік 2022 жылғы 2 наурызда күшіне енген «Жанауарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңында реттелген.
Жануарларға қарау кезінде:
1) жануардың өлуіне, мертігуіне немесе саулығына өзге де зиян келтіруге алып келген немесе алып келуі мүмкін жануарды ұрып-соғуға, азаптауға, оның ішінде аштықпен, шөлмен азаптауға, өртеу, суға батыру, тұншықтыру, өлімші етіп ұру арқылы әрекеттеріне;
2) ауырсынуды басатын препараттар мен анестетиктерді қолдану жануардың саулығына зиян келтіруі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, жануарларға ауырсынуды басуды немесе анестезияны қолдану көрсетілген ветеринариялық және өзге де емшараларды тиісті заттарды міндетті түрде қолданбай жүргізуге;
3) бұзақылық пиғылмен не қызметтік міндеттерді атқаруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын аң аулауға байланысты емес мақсаттарда жануарларды адамға және (немесе) басқа жануарларға айтақтауға;
4) жануарлар және (немесе) олардың ұрпағы жануарларға арналған панажайларға орналастырылғанға немесе өзге де заңды тәсілмен иеліктен шығарылғанға дейін жануарлар иелерінің немесе жауапты адамдардың оларды ұстау жөніндегі міндеттерін орындаудан бас тартуына;
5) егер жануар иесінде және (немесе) жауапты адамда тіршілігі мен саулығы үшін қауіпті жай-күйдегі жануарға көмек көрсету мүмкіндігі болса немесе өздері оны тіршілігі мен саулығы үшін қауіпті жай-күйге түсірсе, жануарға бұл адамдардың көмек көрсетпеуіне;
6) жануарлар төбелесін ұйымдастыруға және өткізуге;
7) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жануарлар пайдаланылатын ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды қоспағанда, жануардың мертігуіне немесе саулығына өзге де зиян келтірілуіне не жануарлардың өліміне алып келетін ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге;
8) жануардың мертігуіне немесе саулығына өзге де зиян келтірілуіне не жануардың өліміне алып келетін мүкәммалды және өзге де құрал-жабдықты пайдалануға;
9) ветеринариялық дәрігер болып табылмайтын адамның эвтаназиялауды жүргізуіне;
10) үй жануарларын және жабайы жануарларды ғылыми мақсаттарда будандастыруды қоспағанда, оларды шағылыстыруға тыйым салынады.
Егер жануарды нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкін болмаса, жануардың иесі және (немесе) жауапты адам мұндай жануарды ол өз өлімімен өлгенге дейін бағуды қамтамасыз етуге не оны жануарларға арналған панажайға, қажетті жағдайлар жасай алатын жеке немесе заңды тұлғаларға беруге міндетті.
Егер жануар саулығының жағдайы жасына байланысты өзгерістерге, созылмалы аурулардың болуына, жарақаттан кейінгі жағдайына орай ұдайы ауырсынуды сезінуге не ағзалар жүйелерінің бұзылуына немесе тірек-қимыл аппаратының ауыр функционалдық бұзылуына байланысты жануардың тіршілік ету сапасының нашарлауын білдірсе, жануардың иесі ветеринариялық дәрігердің қорытындысы бойынша эвтаназиялау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қорытындылай келе, жануарларға қатыгездік танытқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын еске саламыз.
Адал достарыңызға қамқор болыңыздар!