Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысы өтті

     2023 жылғы 13 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/ шешімінің орындалуы мәселесі жөнінде Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысы өтті, оған ветеринария басқармасының басшысы Жанат Қабижанұлы Әміржанов қатысты.

Жанат Қабижанұлы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңының іске асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, яғни қаңғыбас үй жануарларын уақытша ұстау пункттерін салу, оған қаржы бөлу, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулау, стерилизациялау, вакциналау және бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңды одан әрі іске асыруға қатысты ұсыныстар айтылды.