С дипломом в село

С дипломом в село

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылғы 01 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында «Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес...» дей отыра, ветеринария – мемлекеттің биологиялық қауіпсіздігі жүйесінің бір бөлігі екендігін атап өтті.

          СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы облыстағы ветеринариялық мамандардың бос орындарын жабу мақсатында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ түлектерімен және студенттерімен көшпелі семинар өткізді, кездесу барысында Ветеринария басқармасының басшысы Жанат Қабижанұлы Әміржанов жалпы ветеринариялық қызметтің маңыздылығы туралы баяндап, жас мамандарға «Дипломмен – ауылға!» жобасының аясында көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беру түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы атап өтті.

          Сондай-ақ кездесу барысында барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап берілді.