
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бекіткен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 7 маусымда «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ, «Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ, «Ковчег» Солтүстік Қазақстан зооқорғау қозғалысы» ҚБ өкілдерінен құрылған жұмыс тобы «ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы базасындағы ауланған қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау пунктіне барды. Жұмыс тобының мүшелері ауланған қаңғыбас жануарларды ұстау жағдайларымен, жануарларды стерилизациялау сапасымен, жануарларға операциядан кейін жасалатын күтіммен танысты. Сондай-ақ қаңғыбас иттер мен мысықтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі дерекқордың жұмысы көрсетілді.
2023 жылы мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды стерилизациялау, операциядан кейінгі күтім жасау және вакциналау, сондай-ақ бірдейлендіру бойынша көрсетілетін қызметтердің жеңімпазы болып жеке кәсіпкер «Шевелёва К.С.» («ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы) айқындалды.
Кездесу барысында қараусыз қалған иттерге қатысты жағдай, үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін арттыру мәселесі талқыланды. Соңында топ мүшелері облыс аумағында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікпен реттеу бойынша зооқорғау ұйымдарымен одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы бітімге келді.