
2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Алғашқы жұмыс күнім» байқауын өткізді.
Байқауға Ветеринария басқармасынан есепке алу және бірдейлендіру бөлімінің бас маманы Алтын Сабырқызы Шукенова қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында бірінші орынды иеленді. Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің дипломымен марапатталды