Жануарлар иелерінің назарына

Жануарлар иелерінің назарына

Облыста көктемгі ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың 79%-дан астамына дауалау шаралары жүргізілді.

Мал ұстаған жағдайда, оларды жыл сайын бруцеллезге, туберкулезге зерттеу, сібір жарасына, құтыруға, нодулярлық дерматитке және басқа да ауруларға қарсы вакциналау – міндетті шарт болып табылатынын және мал иелері үшін тегін жүргізілетінін еске саламыз.

Ветеринариялық қызмет жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы, оларды бірдейлендіру бойынша жүргізетін барлық іс-шаралар тиісті нормативтік-құқықтық актілермен регламенттелген және эпизоотиялық салауаттылықты сақтауға бағытталған.

Тек індеттен таза болған жағдайда ғана жануарлардан алынатын өнімдер денсаулыққа қауіпсіз болады.

Барлық мал иелерін ветеринария саласындағы заңнама талаптарын сақтауға шақырамыз. Ветеринариялық дауалау шаралары жүргізілмеген немесе бірдейлендірілмеген малдары бар азаматтарға елді мекендеріңізге бекітілген ветеринар мамандарға жүгінуге кеңес береміз.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының ветеринариялық қызметі мал иелерін бірлесе отырып эпизоотиялық салауаттылықты сақтауға шақырады.