
СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы ветеринариялық мамандардың бос орындарын жабу мақсатында Жалел Қизатов атындағы Есіл жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің түлектерімен және студенттерімен семинар өткізді, кездесу барысында ветеринария басқармасының басшысы Жанат Қабижанұлы Әміржанов ветеринариялық қызметтің маңыздылығы туралы айтып, сондай-ақ барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.