«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қатысты

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын  іске асыруға қатысты

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қатысты   

2023 жылға жергілікті бюджеттен қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауға, уақытша ұстауға, бірдейлендіруге, вакцина егуге және стерилизациялауға, иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын бірдейлендіруге 53,4 млн. теңгеге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды стерилизациялау, операциядан кейінгі күтім жасау және вакциналау, сондай-ақ бірдейлендіру бойынша көрсетілетін қызметтер» бойынша жеңімпаз болып ЖК «Шевелёва К.С.» («ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы) айқындалды.

        Осы жылғы 10 сәуірден бастап қаңғыбас жануарларды стерилизациялау жұмыстары басталды. Бүгінгі күні 46 бас қаңғыбас жануар (43 ит, 3 мысық) ауланып, чип салынды және стерилизацияланды. 32 бас қаңғыбас жануар (29 ит, 3 мысық) мекендейтін ортасына қайтарылды.

        Үй жануарларын есепке алу жөніндегі «TANBA» ақпараттық сервисінде 704 бас үй жануары есепке қойылды (628 бас – иесі бар жануарлар, 76 бас – қаңғыбас жануар).

        Петропавл қаласының әкімдігі уақытша ұстау пунктін салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 13 млн. теңге қаражат бөлді.

        Жыл басынан бері облыста Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 407-2-бабы бойынша үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 401 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

        Облыста зообақылау ұйымдарының өкілдерімен жануарларды қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

        2023 жылдың басынан бастап ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жануарларға жауапкершілікпен қарау, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелері 107-ге жуық ақпараттық материал орналастырылды.

        Қазіргі уақытта облыста 3 жеке меншік панажай жұмыс істейді, оның ішінде Петропавл қаласында – 2 панажай («Белый Бим», 400 бас итке арналған, «Исаков Андрей» жеке меншік қайырымдылық қоры, 300 мысық пен 500 итке арналған), Қызылжар ауданы Вишневка ауылында – 1 панажай («Шанс на жизнь», 500 итке арналған).

        Сонымен қатар Петропавл қаласында 3 зооқорғау ұйымы бар («Верный друг» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Фауна» жастар қоғамдық бірлестігі, «Северо-Казахстанское зоозащитное движение Ковчег» қоғамдық бірлестігі).

Қаңғыбас иттердің санын ізгілікпен реттеу жөніндегі ынтымақтастық туралы 4 меморандум жасалды. Телеграмм чат құрылды. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектордың 2 куәлігі берілді.

Заңды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.