Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы

2023 жылғы 27 сәуірде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы алаңында Петропавл қаласының ветеринариялық клиникаларына, жеке меншік панажайларға, зооқорғау ұйымдарына арналған «TANBA» жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу жөнінде офлайн вебинар өткізілді.

        Бұл ақпараттық сервис үй жануарларын есепке алу, қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру, жануарларға арналған панажайлардың есебін жүргізу, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлардың куәліктерін беру бойынша әрекеттерді жүзеге асыру үшін әзірленді.

        Семинарға «1cert» ЖШС атқарушы директоры Ардабаев Азамат Серікұлы қатысты.

        Іс-шара барысында «TANBA» жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу жөнінде оқу өткізілді, жануарларды есепке қою, жануар бойынша жүргізілген ветеринариялық іс-шараларды тіркеу бойынша негізгі іс-шаралар қаралды.

        Семинарға қатысушылар ақпараттық жүйеде жұмыс істеуге қатысты қойған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

        2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын бірдейлендіру жануар иелері үшін міндетті ветеринариялық іс-шара болатынын еске саламыз.