Үй жануарларына чип салу

Үй жануарларына чип салу

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап жануарлардың иелері өздерінің үй жануарларын есепке қоюға міндетті.

Солтүстік Қазақстан облысында жануарларды есепке алу жөніндегі  «ТАNBA» ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Бүгінгі күні үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес 566 үй жануары есепке қойылды. Күн сайын бұл цифр өсіп жатыр.

Чип салу бізге не үшін қажет? Чип салу жануарларға неғұрлым жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді және қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты мәселені шешуі мүмкін. Иесі жануар үшін жауапты, ол жануар қоғамға қауіпті болмайтындай жағдай жасауға міндетті.

Чип салу – арнайы чиптерді қолдана отырып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз және заманауи әдістерінің бірі. Чипті жануарға енгізу ауыртпай жасалатын процедура.

Бірдейлендірудің заманауи әдістері мыналарды қамтамасыз етеді:

  1. Жануарларды ауыстырып алу мүмкін емес.
  2. Құтыруға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егілмеген жануарларды тасымалдау мүмкін емес.
  3. Чип салу – жануарды иеленуге қатысты дау туындаған кезде маңызды дәлел бола алады.

Чип дербес 15 мәнді цифрлық кодтан тұрады, ал жануар мен оның иесі туралы ақпаратты сақтау үшін чиптелген жануарлардың электрондық дерекқорлары пайдаланылады. Он бес цифрлы ұяшық жануардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді түрде сәйкестендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қайталанбауына кепілдік береді, ал биоүйлесімді шыны микрочиптің жылжып кетуіне жол бермейді. Бұл дегеніміз, әр жануар өмір бойы сақталатын бірегей сәйкестендіру кодын ала алады, оны толықтыру немесе өзгерту мүмкін емес. Оның өзгермейтіндігі – микрочип нөмірлерінің жалған болмауының кепілі. Чиптен ақпаратты оқу саны шектелмеген. Микрочип қуат көзін қажет етпейді және өздігінен ешқандай сәуле таратпайды, тек сканермен белсендіріледі.

Бүгінгі күні жануарларға чип салумен Петропавл қаласының клиникалары айналысады.

Құрметті үй жануарларының иелері, осы мәселеге жауапкершілікпен қарап, үй жануарларыңызға қамқорлық жасауды сұраймыз.